Атырау, 27 қараша 03:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«2016 жылдан бұрын емес», дейді ENI

1 958 просмотра

Клаудио ДЕСКАЛЦИ. Фото: agi.itКлаудио ДЕСКАЛЦИ. Фото: agi.itБүгін Reuters ақпараттық агенттігі «Eni 2015 жылы Қашағанда мұнай өндіру жұмыстарының басталатындығына күмән келтіреді және бұған дәнекерлеу жұмыстарының сапасын кінәлап отыр» деген тақырыпта мақала жариялады.

Reuters итальяндық компанияның барлау және өндіру жөніндегі директоры Клаудио ДЕСКАЛЦИДІҢ сейсенбі күні, 29 сәуірде (Eni бірінші тоқсан қорытындылары бойынша табыстың төмендегені туралы хабарлағаннан кейін) селекторлық кеңесте айтқан сөзін келтіріпті:

Бәрі біз ойлағаннан да нашар болып шықты. Біз 2015 жылы мұнай өндірудің ықтимал тапшылығын жабу үшін күтпеген жағдайларда әрекет ету жоспарларын іске қостық.

Reuters материалында Дескалцидің (айтпақшы, ол мамырда Eni басшысының лауазымды орнына отырады) «газ бен мұнай құбырларын ауыстыру қажет болатын шығар» деп айтқан мәлімдемесі расталған.

– Проблема кей жерлердегі металлдың аса беріктігіне, алайда негізінен дәнекерлеу жұмыстарының сапасына байланысты болып отыр, - деді ол. Содан соң таяу арада Ұлыбританияда, Франция мен Италияда жүргізілген зертханалық сынақ жұмыстарының нәтижелері - тұрбаның көміртекті болатының Қашағанның агрессивті ортасына есептелгендігін көрсетті деп атап өтті.

Алдағы құбырды ауыстыру жоспарларына келер болсақ, Дескалци Қашаған консорциумы құрлық бөлігіне шығатын құбыр диаметрін 28 дюймнен 20-ға дейін өзгерту мүмкіндігін қарастыратынын, бұл оларды төсеу жұмыстарын жеңілдетуі мүмкін деп мәлімдеді.

Құбырларды ауыстыру мерзімі мен қосымша шығындар көлемі, Дескалцидің айтуынша, маусым айында белгілі болмақ.

Әрі қарай Reuters 43 пайыз үлесі Eni-ге тиесілі сервистік «Сайпем» мұнай компаниясы Қашаған кенішіндегі құрлық пен теңіздегі құбырларды жүргізу мен дәнекерлеу жұмыстарына қатысқан деп жазады.  

– «Сайпем» компаниясының баспасөз хатшысы компанияның комментарийлер бере алмайтынын, өйткені «сынақ нәтижелері туралы ақпарат бізге белгісіз» деп мәлімдеді, - делінген мақалада.

Бір өзгешелігі, сол күні сейсенбіде, бірақ Астанада экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат ДОСАЕВ ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мұнай өндірудің 2015 жылы басталатындығын мәлімдеген еді. Жұртшылық алдында Дескалци мырза мен министр Досаевтың қандай хронологиялық тәртіппен сөз сөйлегенін білмейміз. Алайда сол кезде министрдің бұл жөнінде жеткілікті түрде хабардар болмағандығы анық еді.

Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА

30 сәуір 2014, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.