Атырау, 27 қараша 03:40
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Қуатымыз екі Атырауға жетеді»

1 242 просмотра

25 сәуірде «АтырауЖЭО» АҚ конференц-залында 2013 жылғы инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы бұқаралық тыңдау өтті. 

«АЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТІҢ (суретте) өткен жылы облысымыздың «энергетикалық жүрегінде» орын алған апаттар мен істен шығулар туралы айтқан статистикалық мәліметтері журналистердің назарын аудартты. 1-дәрежедегі істен шығулар, электро станциясының толықтай тоқтауы және қайғылы жағдайлар болған жоқ. Бірнеше 2-дәрежелі істен шығулар орын алды: 22 қаңтар – ауа райы жағдайларына байланысты 110 киловольт кернеулі электр тарату әуе желісі істен шықты; 22 сәуір - №№8, 10 турбоагрегаттар, №№1, 10, 11, 12 қазандықтар құрастыруда кеткен ақаулықтары салдарынан тоқтады (ақаулар жойылды); 10 мамыр – №3 байланыс трансформаторы, №№8, 9, 10 турбоагрегаттар, №№ 12, 13 қазандықтар электр-доғалық бұзылу салдарынан тоқтады; 27 шілде – электр оқшаулағыштың бұзылуынан №6 қазандық агрегаты сөніп қалды; 13 тамыз – электр желісінің тұрақсыздығынан және перативті қызметкердің қателігінен 110 киловольт кернеулі барлық қосылыстар ажыратылды.

Электр қуатын өндіру және өткізу көлемі 2013 жылда 2012 жылмен салыстырғанда 1 пайызға өсіп, 1 млрд 544 млн кВт/сағатты құрады.

- ЖЭО қуаты Атырау сияқты тағы бір қаланы жылытуға жетеді, - дейді М. Қалиев.Қыста біз облыс орталығына сағатына 250 гигакалорий жылдамдықпен жылу жеткіземіз. Егер Нұрсая ықшамауданын қосатын болсақ, 275 гигакалорий жұмсаймыз, ал ЖЭО-ның қуаты 690 гигакалорийді құрайды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.