Атырау, 27 қараша 02:38
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қауіп «москитте» болып тұр

1 690 просмотра

Соңғы кездері қалада балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлауы жиілеп кетті.

Сәуір айының ішінде 8 бала терезеден құлап, олардың біреуі мерт болды.

Бұл туралы жақында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу»  тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Облыстық балалар ауруханасы травматология бөлімшесінің меңгерушісі Сергей ХВАННЫҢайтуынша, қайғылы жағдайға көбіне-көп ата-аналардың жеткіліксіз бақылауы және пластикалық терезенің москит торының осалдығы себеп болып жатады.

Ал облыстық ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының  жұмысын ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бастығы Арман МЕҢДАЛИЕВ барлық жол-көлік оқиғаларының бесінші бөлігі балалардың қатысуымен болғандығын айтады. Және жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргіншілер өткелінде орын алады екен.

Гүлсара ҚАЙЫРОВА

1 мамыр 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.