"Түрік журналисі Ондер Айтач Twitter желісінде елдің премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоганды кемсіткені үшін қамауға алынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz The Daily Dot ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметіне қарағанда, 2012 жылы Ондер Айтач өз бағанасында Эрдоганның елде бірқатар жеке мектептерді жабу туралы шешімі жайлы твит жазған. Сілтемеге пікір ретінде журналист "Оларды жап, менің ұстам" деп жазбақ болған. Ал Түркияда Ердоганның жақтаушылары оны "ұстам"- ustam-дейді екен. Алайда журналистің хабарламасында ustam деген сөздің орнына бейәдеп сөз - ustamk деп жазылған.
Сотта журналист сөздің қате басылып кеткенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда, ол өзі үлкен болғандықтан, саусақтары да үлкен, сол себепті екі әріп бірден басылып кеткен. "Менің саусақтарым үлкен, сондықтан кейде әріптер қоса басылып кетеді", - дейді ол. Десе де, сот журналисті 10 айға түрмеге жапты.
Дереккөз: tengrinews.kz