Атырау, 24 қараша 11:06
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та торнадо Миссисипи штатына жетті

3 176 просмотра
Америка Құрама Штаттарында құйындатып өткен торнадодан жиырмадан астам адам көз жұмды. Табиғат апаты бүгінде Миссисипи штатына жетіп, жергілікті тұрғындарды әбігерге салуда. Штат губернаторы Фил Брайант аймақта төтенше жағдай режимін жариялады деп хабарлайды РИА Новости.  

Аймақnа бірнеше торнадо пайда болды. Нәтижесінде Тупело қаласында үйлер қирап, кейбірі құлағалы тұр. Ал, метерологтар Джексон мен Тупело қалалалары аралығында жойқын және өте қауіпті құйынның байқалғанын хабарлап отыр.
Кейбір дерек көздерінде адам шығынының көп екені айтылуда. Олардың жазуынша, Американың Алабама мен Миссисипи штаттарынан құйындатып өткен торнадодан кемінде жеті адам қаза болған. Бірақ бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Өткен демалыста қатты құйын Оклахома, Айова, Арканзас пен өзге штаттардың тұрғындарын да әбігерге салған болатын. Арнайы сала мамандары Алабама мен Теннесси өңірлеріне де торнадоның келе жатқанын болжап отыр. Сондықтан, Солтүстік Каролина басшысы төрт аймақта төтенше жағдай енгізді. Бұған дейін бұл округтерде торнадо салдарынан 200 үй қирап, 16 адам ауруханаға жеткізілген еді.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, төтенше жағдай режимін жариялау апат салдарын жою үшін федералды субсидия алуға қажет.
Айта кетейік, бір апта ішінде АҚШ-та торнадо салдарынан 21 адам қаза болды. Миссисипи мен Солтүстік Каролинаның төрт округінен бөлек, тағы бірнеше оңтүстік штаттарында қауіп әлі де бар.

Дереккөз: Baq.kz

29 сәуір 2014, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.