Атырау, 24 қараша 10:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей қорғаныс министрі: Украинаға басып кірмейміз

2 699 просмотра
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 28 сәуірде АҚШ қорғаныс министрі Чак Хэйгельмен телефон арықылы сөйлескенінде "Ресей Украинаға басып кірмейді" деп сендірді.

Ресей қорғаныс миинстрлігінің хабарлауынша, Сергей Шойгу Ресей әскері Украинамен шекарада әскери жаттығуларын өткізгеннен кейін өз бөлімдеріне қайтып кетті деген.

Шойгудің айтуынша, Ресей Украинамен шекарада әскери жаттығуларды Киев "бейбіт халыққа әскер қолданбайтынын мәлімдеген соң" тоқтатқан.

Шойгу бұған қоса АҚШ пен НАТО күштерінің Ресей шекарасына жақын аймақтарда белсенділігі күшейгенін "бұрын-соңды болмаған оқиға" деп бағалаған.

Украинадағы дағдарыс шиеленісіп тұрғанда АҚШ-тың 150-ге тарта сарбазы 28 сәуірде Эстонияға әскери жаттығуларға қатысуға барған еді

АҚШ Польша мен Балтық бойы елдеріне әскери жаттығуларға қатысу үшін жалпы саны 600 сарбаз жіберген.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
29 сәуір 2014, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.