Мысырда «Мұсылман бауырлардың» 700 жақтаушысы өлім жазасына кесілді
2 417 просмотра
Мысырдың Эль-Минья провинциясының соты дүйсенбі күні тағы 683 белсіндіні өлім жазасына кесті. Олардың барлығы елде тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» исламшыл қозғалысының жақтаушылары, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Ақпаратта өлім жазасына кесу туралы үкімдердің Мысырдың жоғарғы муфтиіне бекіту үшін тапсырылғаны айтылған.
Сондай-ақ, сот алқасы отырыста жазаға кесілен 529 адамның 37-не қатысты үкімді қолдады. Қалғандары өмір бойы бас бостандығынан айрылады. Сотталған екі топ та былтырғы жылдың тамыз айында Каирде болған ереуілден кейін зорлық-зомбылық пен адам өлтіруді ушықтырды деп айыпталған.