26 сәуір күні Атырауда бұқаралық веосипед шеруі өтті.
Ұйымдастырушылардың бірі Нұрлан ЕСМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, 15 шақырымға созылған маршруттың арақашықтығы облыс орталығының басты көшелерін қамтыған. Қатысушылар оны небары бір сағаттың ішінде жүріп өткен. Шамамен бұл шеруге 300-ге жуық велосипедші қатысқан, көбі - 18 жастан 40 жасқа дейінгі Атырау қаласының тұрғындары. Оларға Ақтөбеден келген бірнеше энтузиастар да қосылды.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ