"Педофилдердің таныстары арқылы жәбірленуші тараптың кешірімін алуына жол бермеу керек. Интернет арқылы жарылғыш заттар жасайтын лаңкестерге қандай жаза қолданылса, педофилдерді де дәл солай жазалау керек. Біз балаларымызды қорғау үшін барлығына дайынбыз" деді ол.
Жаңа заң жайында ханшайым Елизавета II-нің өзі қосымша мәлімдейтін болады. Ал, ол өз күшіне келесі жылы енеді деп күтілуде.
Мемлекет басындағылардың мұндай қадамға баруы бекер емес. Елде педофилдік оқиғалар соңғы уақытта жиілеп барады. Мәселен, британдық мектептердің бірінде мұғалім үш бойына алпыстан астам оқушыны зорлап келген.
Дереккөз: Baq.kz