Атырау, 27 қараша 03:26
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кім кінәлі: жолшылар ма, әлде машинист пе?

3 819 просмотра

«Алматы – Атырау» пойызының 19 сәуір күні апатқа ұшырауының үш нұсқасы тексерілуде, деп хабарлады бүгін, 25 сәуір күні Атырау облысының бас көлік прокуроры Болат ҚАЛЫҚОВ баспасөз мәжілісінде.

Бұл оқиғаның салдарынан 68 жолаушы медициналық көмекке жүгінген болатын, олардың 14-і ауруханаға жатқызылды (екеуінің денсаулығынаорташа ауырлықта зиян келтірілген). Қазір облыстық ауруханада 4 жолаушы жатыр.

Қалықов мұндай көлемдегі апат «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының тарихында бірінші рет кездесіп отырғанын айтады.

Оқиғадан кейін Атырау станциясының желілік ІІБ бірден ҚР ҚК-нің 295-бабы, 1-бөлімі бойынша («Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу») қылмыстық іс қозғаған.  

Тергелуге жататын бұл қылмыстық іс бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне алынды, - деді Қалықов. -  Апаттың орын алынуына себепші болған бірнеше нұсқалар тексерілуде.

Оқиғаның негізгі екі нұсқасы мынадай: теміржол жолдарының жағдайы талапқа сай емес немесе тепловоз машинистінің қателігі (бұл жерде бұрылатын жол бар). Зерттеу үшін «жылдамдық таспасы», яғни, жылдамдықтың өзгеруін өзі жазып отыратын құрал алынды. Бұл қиықта қозғалыс жылдамдығы пойыздың сағатына 90 шақырым жүргенін көрсеткен. Кейбір көзкөргендердің айтуынша, пойыз құрамының кешігіп жатқанын айтады, және соңғы үшінші жолда машинист жылдамдықты асырып жіберген.

Еске сала кетейік, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жеке комиссиясының жұмысы жа аяқталған жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

25 сәуір 2014, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.