Ж.Досмұхамбетов атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Гүлсат БАҚТЫҒАЛИ (суретте) мен дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Мұратбек ЖӘРДЕМ Байқоңыр қаласында өткен «Открываем мир науки» атты ғарыштық зерттеу жөніндегі Х Халықаралық ғылыми сайыстың жеңімпаздары атанды.
Қазақстандық және ресейлік оқушылар қатысқан ғылыми сайыс академик В.Н.Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінің базасында өтті. Атыраудан тоғыз оқушы барды. Екі жеңімпаздан бөлек, олардың үшеуі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
– Менің жұмысым «Ключ к тайнам Вселенной – Бозон Хиггса. Методы протонной терапии»деп аталады, - дейді Гүлсат. – Ғаламтор арқылы байланысып жүрген Ресей академиясының физика-математика ғылымдарының кандидаты Андрей ЧЕРНОВ, Досмұхамбетов атындағы лицейдің физика мұғалімі Галина ЙОДКО кураторлар болды. Олардың көмегінсіз мен бұл табысқа жетпес едім.
– Ал менің жұмысым «Состояние ионосферы во время солнечных затмений» деп аталды, – дейді Мұратбек. – Бұл жұмыста біздің қаламызда жақсы көрінген 2012 жылдың 21 мамырында орын алған күннің тұтылуы негізге алынды.
Оқушылардың айтуынша, сайыстан соң олар Байқоңыр айлағының Ғарышкерлік музейіне экскурсия жасап, орбиталық «Боран» корабліне барған, академик С.П.Королев пен алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің мемориалды үйінде болған.
Жеңімпаздар мен дипломанттар ҰБТ сынағынсыз қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін білім гранттарының иегерлері атанды.
Анастасия ПАСТУХОВА