Атырау, 5 желтоқсан 15:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ресей Каспий теңізіндегі әскерін тік тұрғызды

1 862 рет қаралды
Ресей Федерациясы Каспий теңізіндегі флотилиясының әскери дайындығын күтпеген жерден тексеруге кірісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

"Каспий флотилиясында қолбасшы вице-адмирал Сергей Алекминскийдің жетекшілігімен кеме күштерінің әскери дайындығын кенеттен тексеру жұмысы басталды. Оның аясында тактикалық жаттығулардан сынақ тапсырылады", - делінген Ресейдің Оңтүстік әскери округының ресми хабарламасында. 

Жеті күнге созылатын тактикалық оқуларға ондаған тралдар, катерлер мен кемелер, сондай-ақ 400-ден астам теңізші қатысуда. Олар Еділ-Каспий каналымен 350 мильді жүріп өтіп, теңізге кіруі тиіс. Сол жерде әскери оқу-жаттығулар орындалады.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 сәуір 2014, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.