Қайғылы оқиға орын алған "Балықшы" қосалқы электр стансасы20 сәуірден бастап, екі тәуліктен бері Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері Құрсай елді мекеніндегі «Балықшы» базарының жанында орналасқан қосалқы электр стансасының аумағында ток соққан 10 жастағы баланың өмірі үшін күресуде.
Қайғылы оқиға балалар қосалқы станса аумағында ойнап жүрген кезде орын алған. Олардың бірін электр тогы соққан. Қалалық «103» жедел медициналық жәрдем стансасының дәрігері Назгүл БАЛПЕЙІСОВА:
- «103» бригадасы келген кезде бала қосалқы стансаның ішінде жатты. Ол тыныс алмады. Жанында болған екінші бала досын ток соққан кезде өздерінің қосалқы стансаның ішінде ойнап жүргендерін айтты (ол бүкіл Құрсайдың тұрғын массивін электр энергиясымен қоректендіреді). Балаға жасанды тыныс алдырған дәрігерлер оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Бүгін облыстық балалар ауруханасының дәрігері Абат МАШАҚОВТЫҢ хабарлауынша, бала әлі күнге дейін өте ауыр халде жатыр екен. Ауруханада оның сол жақ қолын кесіп алу операциясы жасалған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ