Атырау, 24 қараша 10:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Журналист Жириновскийдің үстінен полицияға шағымданды

2 242 просмотра

"Россия сегодня" ақпарат агенттігінің журналисі Стелла Дубовицкая полицияға шағымданып, Владимир Жириновскийдің үстінен "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, Дубовицкаяның сұрағына либерал-демократтар көшбасшысы Владимир Жириновский дөрекі жауап беріп, журналист пен оны жақтаған адамдардың бәрін тілдей бастаған. Бұл оқиғадан кейін аяғы ауыр тілші ауруханаға түскен.

Бұл бап бойынша жоғарғы жаза бес жылға бас бостандығынан айыру екенін айта кету керек, сондай-ақ 500 мың рубльге дейін айыппұл төлеу немесе басқа да жазалар қарастырылады.

Тілшінің шағымында бұл оқиғадан оған моральдық және физикалық шығын келгені айтылады. Журналист өз арызын Мемлекеттік думаның этика жөніндегі комиссиясына да жолдаған. 

Шағымданушының адвокаты Жириновский Мемлекеттік дума депутаты болғандықтан оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сол заң шығарушы органның келісімі қажет екенін айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 сәуір 2014, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.