«Куала-Лумпур халықаралық әуежайынан Бангалорға ұшып шыққан ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 22:09-да кері оралу мақсатында Куала-Лумпурге бұрылды. Бұдан бұрын ұшу кезінде оң жақ шассидің шығару жүйесі істен шыққан», - деп нақтылады «Малайзия авиа желілерінен».
Қону туралы ақпаратты Малайзия көлік министрінің міндетін атқарушы Хишамуддин Хусейн растады.
Әуежай әкімшілігі МН-192 рейсінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алды. Ұшақ әуежайға қонбас бұрын көкте бірнеше рет айналып жүрген.
Бұл оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен қызығушылық тудырды. Өйткені 7 наурыз күні «Малайзия авиа желілеріне» тиесілі Boeing 777-200 жоғалып кеткен болатын. Оның бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болды. Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан кейін екі сағат өткен соң ұшақпен байланыс біржола үзілген. 24 наурыз күні әуе компаниясы өкілдері борттағы барлық адамдар қаза тапты деп санайтындарын мәлімдеген болатын.
Дереккөз: bnews.kz