Атырау, 5 желтоқсан 15:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Украина Ресей азаматтарының елге кіруін шектеді

1 784 рет қаралды
Украинаның мемлекеттік шекара қызметі елге "әскер жасындағы" ер адамдардың кіруіне шектеу қою мақсатында Ресеймен шекарада бақылауды күшейтетінін хабарлады.

Ресейдің мемлекеттік "Аэрофлот" әуе компаниясының хабарлауынша, Украина билігі ел аумағына ресейлік 16 мен 60 жас аралығындағы ер адамдардың кіруіне тыйым салған. Украина шекара қызметінің өкілдері Азаттыққа Ресей ер азаматтарына мұндай тыйым салынғанын растады.

Ресей сыртқы істер министрлігі Киевтен тыйымның не себептен салынғанын түсіндіруін талап етті. Министрліктің хабарлауынша, Мәскеу бұған "жауап шараларын" қарастырмақ.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
18 сәуір 2014, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.