Атырау, 24 қараша 10:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин бұрынғы әйелін күйеуге бергісі келеді

2 103 просмотра

Ресей президенті Владимир Путин көрерменнің "тікелей желіде" қойған "еліміз бірінші ханыммен қашан таңысады?" деген сұрағына "алдымен бұрынғы әйелімді күйеуге беру керек" деп жауап берген. Бұл туралы Тengrinews.kz сайтының тілшісі хабарлады. 

"Сіздер білесіздер ме? Мен алдымен бұрынғы әйелім Людмила Александрқызын күйеуге беруім керек, сонан кейін ғана өз мәселемді ойлана бастаймын", - деді Путин.

Сондай-ақ, "тікелей желі" арқылы федералдық тергеу бюросының жедел агенті Эдвард Сноуден "Ресейдің арнайы қызметі АҚШ секілді өз азаматтарының ізін аңдиды ма?" деген сұрақ қойды. Президент бұл сұраққа: "Біздің елде мұндай үрдіске заңмен қатаң шектеу қойылған. Біз азаматтарымыздың ізіне жаппай және бақылаусыз масштабта аңдуға жол бермейміз" деп жауап берді.  

Ресей президентіне ең шынайы сұрақты 4 жасар қыз жолдады. Ол "Егер сіз суға батып бара жатсаңыз Обама көмектесер ме еді?" - деп сұрады. Путин саяси қатынастардан бөлек адами қарым-қатынас болатынын айтты. Оның ойынша, Обама - парасатты адам. 

Естеріңізге саламыз, В.Путин жыл сайын шығатын арнайы бағдарлама арқылы 12 мәрте азаматтардың сұрақтарына жауап берген. "Тікелей желі" 4 сағатқа созылды. Бағдарламаның бас тақырыбы Қырымның Ресейге қосылуы жайлы болды. Сонымен қатар, ресейліктер өз президенттеріне геосаясат, жеке өмірі, әлеуметтік проблемалар және басқа да тақырыптар аясында сұрақ қоюға мүмкіндік алды. 

Дереккөз: tengrinews.kz

18 сәуір 2014, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.