Атырау, 24 қараша 11:15
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аваков: Мариупольде 3 сепаратист қаза болды

1 754 просмотра
Украина ішкі істер министрі міндетін атқарушы Арсен Аваков. Украина ішкі істер министрі міндетін атқарушы Арсен Аваков. Украинадағы Мариуполь қаласында арнайы операция барысында үш адам қаза болып, бірнеше адам жараланғаны туралы Украина ішкі істер министрі қызметін атқарушы Арсен Аваков Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.

"Алдын-ала мәлімететр бойынша, шабуыл жасаған қарулы топ арасында 3 адам қаза тауып, 13-і жараланған. 63 адам ұсталды. Олардан қару-жарақы, байланыс құралдары мен ресейлік операторлардың телефондары тәркіленді. Тұтқындалған адамдардың кім екені анықталып жатыр" деп жазған Аваков.

Ол "ішкі істер министрлігі қызметкерлері арасында қаза тапқандар жоқ" екенін айтады.

Аваковтың сөзінше, 17 сәуірге қараған түні Мариупольде "шамамен 300-дей қарулы адам ішкі істер министрлігінің бөлімшесінің ұлттық гвардия полкіне шабуыл жасап, жанғыш заттар лақтырып, оқ атқан". Оған жауап ретінде полк сарбаздары әуелі ескерту ретінде оқ атып, қарсы жақ оны ескермеген соң арнайы операция жүргізуге кіріскен.

Дабыл белгісінен кейін ішкі істер министрлігінің барлық бөлімдері шұғыл әрекетке кіріскен. Қарулы милиция мен ұлттық гвардия жасақтары шабуыл жасағандарды қарусыздандырып, оқиға орнына тікұшақтар жеткізілген.

Қазір Мариупольде операция жалғасып, ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімі қарулы топтардың бірін іздеп жатқаны, қала көшелерінде милиция қарауылдап жүргені туралы хабарланды.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
17 сәуір 2014, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.