Алматы қаласында өткен «Рауан» байқау-фестивалінде Атырау қаласының оқушысы Дана ҚАЗИХАНОВА «вокал» номинациясында жүлделі І орынды жеңіп алды.
«Рауан» фестивалі «Күншуақ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіледі.Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтың «Күнге табыну» әнін, Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған Кеңес Дүйсекеевтің «Сәлем, саған, туған ел!» әндерін нақышына келтіре орындап, еліміздің әр түкпірінен келген 27 жас өреннің арасынан суырылып алға шықты.
- Бұл - менің өнер жолындағы алғашқы жеңісім! Ән айтуды жаным сүйеді, алда тағы да сайыстарға қатысып, өнерімді көрсеткім келеді, - дейді Дана.
Дана бір жылдан астам уақыттан бері Еркінқала балалар музыка мектебінде педагог Нұрлыгүл САПАРОВАДАН вокал бойынша дәріс алуда.
- Данадан күтер үмітіміз зор. Қазір де біз маусым айында Астана қаласында өтетін халықаралық фестивальға дайындық үстіндеміз, - дейді ұстазы Н.Сапарова.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА