Атырау, 8 желтоқсан 16:44
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Көпірден секіруге жол бермеді

1 638 рет қаралды

Бүгін, 15 сәуірде Авангард-Жилгородок көпірінде өз-өзіне қол жұсау әрекетіне жол берілмеді.

- Шамамен таңғы сағат 6-да ІІД Жедел басқару орталығының бақылау камерасы Авангард - Жилгородок көлік көпірінен жас әйелдің оғаш әрекетін түсіріп алған - ол төменге секірмек болыпты, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА.- Екі минуттан соң оған Атырау қалалық ІІБ-нің «Батыс» тобы жетіп, қайғылы жағдайдың алдын орап үлгерген.

Облыс орталығының 22 жастағы тұрғынының мас күйде екендігі анықталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-бабы («қоғамдық орындарға мас күйiнде келу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

15 сәуір 2014, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.