Тәртіп сақшыларының айтуынша, 1996 - 2006 жылдар аралығында Меган Хантсмен дүниеге жеті бала алып келген. Оның бірі өлі туылса, қалған алтауын Меган өз қолымен өлтірген көрінеді. Мұны күдіктінің өзі де мойындап отыр.
Айта кетейік, аталған қылмысты полицияға Хантсменнің түрмеден шыққан күйеуі мәлімдеген. Ер азамат Плезант-Грув қаласындағы үйіне оралып, тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан сәтте нәрестенің өлі денесін тауып алған. Күдікті әйелдің үйін тінтуге рұқсат алған полиция қызметкерлері тексеру кезінде тағы алты сәбидің мәйітін тауып алды.
Қазіргі таңда Меган Хантсмен уақытша ұстау абақтысында. Оған әлі нақты айыптар тағылған жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Меганның бүгінде көзі тірі ересек үш қызы бар.
Дереккөз: Baq.kz