Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов бүгін елде федералдық жүйе құру туралы референдум өткізуге "қарсы емес" екенін мәлімдеді.
Турчиновтың айтуынша, егер парламент мақұлдаса, референдум 25 мамырда президент сайлауымен қатар өтуі мүмкін. Ол украиналықтардың көпшілігі Украинаның "тәуелсіз, демократиялық және біртұтас" болғанын қолдап дауыс беретініне сенетінін айтты.
Украина үкіметі 13 сәуірде елдің шығысындағы үкімет ғимараттарын басып алған ресейшіл сепаратистерге қаруларын тастап, 14 сәуір күні таңертеңге дейін берілуге ультиматум қойған. Турчинов егер сепаратистер ультиматумды орындамаса, армияның қатысуымен "ауқымды антитеррорлық операция басталатынын" ескерткен.
Ресей Украина билігін ресейшіл күштерге қарсы күш қолданбауға шақырды.
Бірақ Киев пен батыс елдері Мәскеуді "сепаратистік күштерге дем беріп отыр" деп айыптайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы
14 сәуір 2014, 15:18