10 сәуірде облыстық мәслихаттың 22-ші сессиясында депутаттар 2014-2020 жылдары Атырау қаласындағы жатақханаларды, апатты және тозығы жеткен үйлерді күреу жөніндегі облыстық бағдарламаны бекітті.
Атырау қаласының әкіміСерік АЙДАРБЕКОВ баяндама жасады. Ол күреу бағдарламасын жүзеге асыру облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ бастамасы екенін атап өтті.
– Біз облыс орталығындағы баспаналардың техникалық ахуалына зерттеу жүргіздік. Жеті жыл ішінде Атырауда 27 тозығы жеткен, 35 апатты үйлер және 17 жатақхана, барлығы көппәтерлі 79 үй күрелетін болады. Ол үшін 6 млрд 820 млн теңге, соның ішінде, тозығы жеткен үйлерге - 1 млрд 434 млн теңге, апатты үйлерге – 2 млрд 505 млн теңге, жатақханаларға – 2 млрд 881 млн теңге қажет, – деді Айдарбеков. – Тізім бойынша қазір апатты үйлерде – 493отбасы, тозығы жеткен үйлерде – 306, жатақханаларда - 1 429отбасы тұрып жатыр. Барлығы 6 958адам. Олар 2 мың231пәтер алады.
«АЖ»аталмыш бағдарламаға сәйкес күрелуге жататын үйлердің тізімін анықтаған еді.
2014 жыл– жатақхана: Баймұханов көшесі, 39 (1974 жылы салынған). Апатты үйлер: Яблочный өткелі, 3 (1953 ж.с.), Әуезов көшесі, 21 (1945 ж.с.); Бейбітшілік даңғылы, 62 және 72 (1961 ж.с.); Құлманов көшесі, 133 (1950 ж.с.); Әйтеке би көшесі, 21 (1918 ж.с.). Тозығы жеткен үйлер: Оңдасынов көшесі, 7 (1950 ж.с.), Стахановшылар көшесі, 2 «б» (1950 ж.с.), Алтайская көшесі, 1, 3, 5, 7 (1950 ж.с.).
2015 жыл – жатақхана: Гагарин көшесі, 124 (1970 ж.с.), Махамбет көшесі, 97 (1960 ж.с.), Құнанбаев көшесі, 13 (1985 ж.с.). Апатты үйлер: Бейбітшілік даңғылы, 64, 66, 68 (1961 ж.с.); Әуезов көшесі, 22 (1945 ж.с.); Қожақаев көшесі, 23 (1966 ж.с.); Баймұханов көшесі, 50 (1961 ж.с.); Жарбосынов көшесі, 89 (1950 ж.с.). Тозығы жеткен үйлер: Азаттық даңғылы, 72 «а» (1950 ж.с.); Қарымсақов көшесі, 4 (1950 ж.с.); Алтайская көшесі, 9 (1950 ж.с.); Тайманов даңғылы, 7, 9 (1965 ж.с.).
2016 жыл– жатақхана: Огородная көшесі, 8 (1950 ж.с.); Сырдария көшесі, 1 (1974 ж.с.); Досмұхамбетов көшесі, 15 (1956 ж.с.). Апатты үйлер: Қожақаев көшесі, 1, 7, 11, 17 (1966 ж.с.); Верхний өткелі, 1, 3 (1950 ж.с.). Тозығы жеткен үйлер: Абай көшесі 30, 32, 34 (1950 ж.с.).
2017 жыл– жатақхана: Дружба көшесі, 1 (1988 ж.с.); Геолог поселкесі, 65, 66 (1979 ж.с.). Апатты үйлер: Қожақаев көшесі, 13, 19 (1966 ж.с.); Әуезов көшесі, 18 (1945 ж.с.); Крупская көшесі, 71 (1953 ж.с.). Тозығы жеткен үйлер: Стахановшылар көшесі, 1 «а», 3 «б», 4 (1950 ж.с.).
2018 жыл– жатақхана: Молдағалиев көшесі, 30 (1987 ж.с.); Құнанбаев көшесі, 30 «а» (1982 ж.с.). Апатты үйлер: Балғымбаев көшесі, 55 (1917 ж.с.); Баймұханов көшесі, 23 «а» (1950 ж.с.); Поселковая көшесі, 3 (1945 ж.с.); Камышинская көшесі, 1 (1955 ж.с.); Байжігітова көшесі, 76 (1961 ж.с.). Тозығы жеткен үйлер: Қарымсақов көшесі, 1 «а», 2 «а» (1950 ж.с.); Шәріпов көшесі, 30 (1950 ж.с.).
2019 жыл– жатақхана: Говоров көшесі, 12 (1944 ж.с.); Төлебаев көшесі, 44 (1974 ж.с.). Апатты үйлер: Еркінов көшесі, 2, 4, 4 «а» (1950 ж.с.). Тозығы жеткен үйлер: Әуезов көшесі, 9, 13, 17 (1945 ж.с.).
2020 жыл– жатақхана: Азаттық даңғылы, 67 «а» (1967 ж.с.); Молдағалиев көшесі, 33 «а» (1974 ж.с.); Владимирский көшесі, 99 (1990 ж.с.). Апатты үйлер: Говоров көшесі, 6 (1944 ж.с.); Баймұханов көшесі, 19, 21, 23 (1950 ж.с.). Тозығы жеткен үейлер: Әуезов көшесі, 3, 5, 7 (1945 ж.с.), Волгоградская көшесі, 10 (1945 ж.с.).
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ