Атырау, 27 желтоқсан 15:27
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Көлікті кез-келген жерде жууға болмайды

2 671 просмотра

– Тұрғын үйлердің аулаларында машина жууға неге тыйым салған? Көлік жуатын орындарда бағалар өте қымбат, күз және көктем айларында қайта-қайта жудыра беруге ақша жетпей жатады.

Телефон арқылы

ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Жәнібек ШАРИПОВ: «Аулаларда машина жууға болмайды. ҚР Әкімшілік кодексінің 387-бабына сәйкесті бұл қала және елді-мекен қосындарының аумағының абаттандыру ережесін бұзу болып табылады. Әдетте, аулаларда адамдар көп болады және бастысы - онда балалар ойнайды. Ал, енді әркім өзінің лас машинасын жууды бастаса , онда біздің аулаларымыздың неге айналып кететінін көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер. Егер көлік жуатын жерге барып жудыру үшін ақшаңыз жоқ болса, онда елді-мекенді жерлерден алысқа барып, сол жерлерде жуыңыз. Аулада машина жуғаны үшін жеке тұлғаларға ескертуден бастап 20 АЕК көлеміне дейін  айыппұл салынады. Лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін 20-дан 40 АЕК мөлшеріне дейін және ережені қайталап бұзған жағдайда жеке тұлғаларға 20-дан 40 АЕК; лауазымды және жеке кәсіпкерлер үшін 30-дан 50 АЕК көлеміне дейін салынады».

9 маусым 2011, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.