Атырау, 21 наурыз 20:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Айрықша «алу» аймағы

2 274 рет қаралды

Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Еңбек Атырау» РМК филиалының директоры азамат Х.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иеленіп алу немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2013 жылғы мамыр және желтоқсан айлары аралығындағы кезеңде УГ-157/9 ІІД ҚАЖК түзету мекемесімен (жалпы режимдегі колония) шарт жасасқан аталмыш кәсіпорын сотталғандарды күзеттің және тұрғынжай аймақтарын оқшаулау инженерлік-техникалық құралдарына күрделі жөндеу жұмыстарына тартқан. Азамат Х. жобалық-сметалық құжаттамаларды ауыстырып және құрылыс материалдарының құнын артық көрсетіп, жөндеу жұмыстарына бөлінген 323 млн теңге бюджет қаражатын қымқырған.

Тамара СУХОМЛИНОВА

10 сәуір 2014, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.