Атырау, 27 желтоқсан 15:45
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Тыл еңбеккерлеріне жеңілдіктер жоқ

2 738 просмотра

– Менің жасым қазір 82-де.  Мен соғыс жылдары жасөспірім жаста болғаныма қарамастан тылда еңбек еттім. Сондай-ақ, менің ағам және оның достары секілді жастардың алдына сол кезде билік не майданға немесе қолөнер училищесіне оқуға баруға ультиматум қойған еді. Мен отандық мұнай өндіруде геолог болып 40 жыл еңбек еттім. Еңбек арадагері болып саналамын. Өткен жылғы мерейтойда тыл еңбеккері ретінде 20 мың теңге алған болатынмын. Биылғы жылы да бізді ұмыт қалдырмайтын болар, аз болса да дәрі-дәрме-гімізге қосымша болатын бір-екі мыңдай үстеме ақы тағайындар деп үміттенген едім. Алайда, олай болмады. Тыл еңбеккерлері үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма?

Анна ШАТИЛОВА

Сауалға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Рая ОРАЛОВА түсінік бере кетті. «Тыл еңбеккерлеріне биылғы жылы ешқандай қосымша төлемдер болған жоқ. Жеңілдіктерге келетін болсақ, коммуналдық қызмет үшін берілетін жеңілдікті 2 АЕК (3 080 теңге) көлеміндегі ай сайынғы төлемге ауыстырды. Сіздердің оқырмандарыңыз оны зейнетақысына қосып алады. Тыл еңбеккерлеріне басқа жеңілдіктер, оның ішінде дәрі-дәрмекке және сауықтыру жолдамаларын беру қарастырылмаған».

9 маусым 2011, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.