Сноуден Страсбургте ұйымдастырылған отырыс барысында Мәскеуден видео конференция арқылы сөз алып, NSA қызметі жайлы жаңа ақпараттар берді.
Эдуард Сноуден АҚШ ақпарат ұйымы әлем бойынша жеке тұлғалар мен топтарды заңсыз және рұқсатсыз бақылауға алғанын атап өтті. Ол тыңдау және бақылау жұмыстары толығымен NSA мамандарының бастамасымен жүргізілгенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, тек саяси тұлғалар емес, сондай-ақ экономика және сауда салаларының өкілдері де мамандардың құрығына ілінген, тіпті, ешқандай қылмыс жасамаған адамдар да қадағалауда болған екен.
Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері электроникалық тыңдау және бақылау операциялары арқылы адамдардың жеке саяси көзқарасы, аймақтық мекен-жайы, жыныстық ерекшелігі, куәлігі, достары мен жұмыстағы қарым-қатынасы оңай бақыланғанын айтады.
Сноуден NSA-дің заңсыз әрекеттеріне Еуропа құпия ақпарат ұйымдары да қосылғанын атап көрсетті.
Дереккөз: bnews.kz