Атырау, 27 қараша 00:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атыраудағы антикафе

3 152 просмотра

Соңғы жарты жылдаАтырауда өзгеше форматтағы орындар ашылуда. Оларды «антикафе» деп атайды. Өйткені олар кафені қоғамдық тамақтану нүктесі ретінде жоққа шығарады. Бұл - ең алдымен, пікірлесетін орын. Келушілер ішіп-жегендері үшін емес, сол жерде өткізген уақыттары үшін ақша төлейді.

МӘСКЕУ МЕН АЛМАТЫДАН КЕЛДІ

Антикафе Ресей мен ТМД елдерінде бірнеше жыл бұрын ғана тарала бастады. Олардың өзгеше ақша төлеуден бөлек басқа ережелері бар. Бұл жерде спирттік ішімдік ішілмейді, темекі тартылмайды. Әр күн сайын бұл жерде достарыңмен және бейтаныс жандармен «Монополия», «Мафия» және басқа да ойындарды ойнауға, фильмдер көруге, сурет салуға, кітап оқуға, үстел теннисін ойнауға, жанды музыка тыңдауға, пешенемен және басқа да тәттілермен шайдың түрлі сұрыптарының дәмін татып көруге болады. Ең бастысы – бұл жерден достар табуға болады, өйткені әрбір келуші бір үлкен отбасының мүшесі секілді. Атырау үшін бұл - бір жұтым таза ауа секілді, жаңа, әзірге түсініксіз құбылыс.

Қазіргі кезде Атырауда екі антикафе бар. Ол жерде өткізілген бір сағат Қазақстанның басқа қалалары секілді 600 теңге тұрады. Екінші сағаты500 теңгеге шығады. Әр сағат сайын 100 теңгеге азаяды. Ал егер бірден 2 мың теңге төлесе, онда бұл жерде күні бойы отыруға болады. 

Осы орынды ашушылар өздері үшін де, өзгелер үшін де жаңа нәрсе ашуға қорықпай, тәуекелге батыл бел байлайтын жас-энтузиастар екенін айта кеткен жөн. Атыраудағы осындай антикафелердің бірін ашқан Айша ӘБДІРАХМАНОВАМЕН тілдескен едім.

- Мен Мәскеуде оқимын, ол жерде осындай форматтағы орындар үш-төрт жылдан бері бар. Барып, бақылап, Атырауға келген соң осы идеяны өте белсенді екі жас жігіт Жасұлан Ищановпен және Ғазизбек Мүрсәлимен бөлістім. Жігіттер көптен бері өз істерін ашуды армандап жүр екен. Олар бұл идеяны ықыласпен қолдады. Орынжайды жөндеу жұмыстарын достарымен бірге жасады, өте қолайлы жағдай жасауға тырысты, - дейді Айша. – Адамдарға бұл жер ұнайды. Жиналып, «Мафия», «Монополия» ойындарын,    плэйстейшн ойнайды, фильмдер көреді. Бізде бұл жерде музыкалық аспаптар бар, әрбір ниет білдіруші оны пайдалана алады. Әрі қарай көптеген шаралар, мәселен, таланттар байқауы жоспарлануда. Ол жерде әр адам қай салада болмасын өз талантын көрсете алады. Жанды музыкалық кештер өткізетін боламыз. English Club ұйымдастыру туралы идеямыз бар, аптасына бір рет үйреншікті ойындарды ағылшын тілінде ойнатуды жоспарлап отырмыз. 

Атыраудағы екінші антикафені ұйымдастырушы Жантөре АНДАМАСОВ: - Біз жақында ғана ашылдық, ісімізді енді бастап жатырмыз. Мен Атырауда жаңа, өзгеше бір нәрсенің жетіспейтіндігін сезіндім. Антикафе туралы ақпарат қызықтырады, мен ойланып: «Бұл жақтан неге ашпасқа?» дедім. Алматыда жиі болып, ол жердегі осындай орынның жағдайы қалай екенін бақыладым. Атырауға келген кезде бұл идеяны жүзеге асыру керектігін ұйғардым. Орынжайды тез тауып, интерьерді ойластырдым, граффити жасаумен айналысатын адамды шақырып, екеуміз сұлбаны таңдап, бір реңді қабырғаларды «тірілттік». Қазір біртіндеп орынды реттеп жатырмыз, ойымызда көп нәрсе бар, көп кешікпей оларды жүзеге асырамыз деп үміттенемін. Болашақта бұл жерде түрлі тақырыптық кештер, мини-гольф ұйымдастырсам деген жоспарым бар. 

 

ЖӘЙ ДҮКЕН ҒАНА ЕМЕС

Атыраудағы тағы бір жаңа құбылыс - «Просто хобби» кітап дүкені. Бұл кітап сататын жәй дүкен ғана емес.

- Атауы қарапайым түйіндемеден туындады. Көпшілігі «Хобби» деген бағанға «кітап оқу» деп жазады, - деп күлді «Просто хобби» дүкенін ашушылардың бірі Әнуар ЖҰМАБАЙ.

- Біз досымыз Нұрлан Есмұханов екеуміз жәй кітап дүкенін ғана емес, адамдар пікір алмастырып, оқылған кітаптарын талдап, өз қызығушылықтары туралы әңгімелесе алатын орын ашуды ұйғардық. Шеберлік сыныптарын өткізіп тұрамыз, соңғысы «Пишем книгу вместе» деп аталады, - дейді жазушы әрі драматург Аждар УЛДУЗ.Жақын арадан бері «Просто хобби» айтарлықтай шамада онлайн режимде жұмыс жасауға көшті. Көркем әдебиеттен бастап аспаздыққа дейінгі әдебиеттер бар. «Просто хоббидің» ғаламторға көшуінің үлкен артықшылығы бар: ассортименттегі кітаптар анағұрлым қолжетімді бола бастады. Біздің өз блогымыз бар. Онда соңғы кітап жаңалықтарын қадағалауыңызға, пікірлеріңізді бөлісіп, ұнаған кітаптарға пікір жазуыңызға болады. Меніңше, бұл адамдардың кітапқа деген сүйіспеншілігін қайтаруға сеп болатын жақсы бастама.

Анастасия АЛЮШИНА

10 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.