Атырау, 31 қазан 12:53
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Ауламыз үшін алаңдаулымыз

2 186 просмотра

– Біз облыстық мемлекеттік автоинспекциясы жанында орналасқан СМП-136-ғы №1, 2 және 7-ші үйлерде тұрамыз. Жол полициясымен көрші тұру біздер үшін қиындықтар тудыруда, ауламызға кіру мүмкін емес. ЖПБ-на келушілер және МАИ қызметкерлерінің өздері де көліктерін біздің үйлеріміздің ауларына қалай болса солай қойып кетіп жатады. ПИК арқылы ЖПБ-на шағымдандық. Бір күн ғана реттеуші адамды қойып қояды, келесі күні-ақ, бәрі де бұрынғы қалпына түседі...  

Телефон арқылы

ІІД ЖПБ жол-күзет қызметі бөлімінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ:«Біз әрине, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының кіріп-шығуын жеңілдетуге тырысамыз, белгілер орнатамыз, өз инспекторларымызды қоямыз, бір кездері шлагбауым да орнаттық, жүргізушілерге көлік тоқтайтын қалташықтар бар екендігін түсіндіреміз. Алайда, ол жерлерде орындар жетіспейді, біздің бастамамызбен осы үйлердің артында алаңдар да пайда болды. Бірақ бұл мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Жол полициясы басқармасына міндетті түрде басқа бір ғимарат керек».

9 маусым 2011, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.