"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет10 сәуірде Атырауда «Аялаған Астана» атты балалардың музыкалық республикалық байқауына кастинг өтеді.
8-ден 12 жасқа дейінгі талантты балаларды республикалық және халықаралық байқауларда өз өнерлерін танытқан Маржан Арапбаева, Нұрлан Албан, Алмас Кішкенбаев, Айқын, Ерболат Беделхан («Орда» тобы), Әлішер Каримов және басқа да қазақстандық жас әртістер іріктейтін болады.
Биыл «Аялаған Астана» байқауы үш кезеңде өтеді: бүкіл республика бойынша іріктеу туры, жартылай финал және тек үздік 12 бала ғана қатысатын финал кезеңі. Финал 4-6 шілдеде Астанада өтеді. Жеңімпаздар үшін марапат –«Балалардың Жаңа толқыны» байқауында Қазақстан намысын қорғау және 1 миллион теңге ақшалай сыйлық.
Біздің қаламызда кастинг таңертеңгі сағат 10-да Жантөрин атындағы филармонияда өтеді.
Анастасия ПАСТУХОВА