Атырау, 24 қараша 07:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Доку Умаровтың денесін Шешенстаннан іздеп жатыр

1 663 просмотра

Ресейдегі ең ықпалды лаңкестердің бірі саналып келген Доку Умаровтың мәйітін РФ тәртіп сақшылары Шешенстанның таулы-орманды аймағынан іздестіріп жатыр. Бұл жайында Рамзан Қадыров журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. 

Кеше Федералды қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортников "Имарат Кавказ" ұйымының жетекшісі Доку Умаровтың өлгенін мәлімдеген болатын.
"Доку Умаровтың көзі жойылды. Біз оны Олимпиада ойындарына жеткізбей өлтіреміз деп мәлімдеген едік. Енді онымен бірге тағы айналасында жүрген ықпалды оннан астам лаңкестің де көзі жойылды" деп жазды Қадыров Шешенстан үкіметінің ресми сайтында.
Оның айтуынша, басты лаңкестің мәйіті Шешенстанның таулы-орманды аймағында болуы мүмкін.
Доку Умаров - Солтүстік Кавказ аумағындағы ең ықпалды лаңкестердің бірі. Оның қолымен көпетеген қанды террор жасалған дейді Ресей билігі. Мәскеу метроларындағы жарылыстар мен "Домодедово" әуежайындағы лаңкестік оқиғаны Умаров өз мойнына алған болатын.
Дегенмен, айта кету керек, Доку Умаровтың өлтірілгені туралы ақпарат Ресей басылымдарында он шақты рет жарияланды. Тіпті, Қадыровтың өзі 2013 жылдың желтоқсанында лаңкестің бұрынырақ өліп кеткенін айтқан еді.

Дереккөз: baq.kz

9 сәуір 2014, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.