Атырау, 24 қараша 07:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Клинтон президент болуға үмітті

2 614 просмотра
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін презмденттік сайлауға қатысуға ниет білдіріп отырғанын мәлімдеді. 

"Мен бұл жайында ойланып жүрмін. Дегенмен нақты бір тоқтамға келген жоқпын. Тағы біраз уақыт ойланып, сайлауға түсер-түспесімді шешетін боламын" деді ол журналистерге берген сұхбаты барысында.
Биылғы жылдың қаңтар айында Жаңа Орлеанға барған сәтінде Хиллари Клинтон президент болу туралы ойында жоқ екенін айтқан болатын. Ал, әлеуметтанушылар жүргізген сауалнамаға сәйкес, халықтың басым бөлігі 2016 жылы президенттік сайлауға Клинтонның қатысатынына сенімді екенін жеткізген.
Айта кетейік, Х.Клинтон 2008 жылы Барак Обамамен бірге президенттік сайлауға түскен болатын. Науқанда жеңіліс тапқаннан кейін ол 2009 жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы атанған. Бұл қызметті Клинтон 2013 жылға дейін атқарды. 

Дереккөз: Baq.kz

9 сәуір 2014, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.