Атырау, 27 қараша 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атадан қалған қару

2 323 просмотра

21 сәуірде дәстүрлі тұрғын халықтан заңсыз сақталып отырған қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғаш заттарды сатып алу акциясы басталады.

- Акция талаптарына сәйкес келетін адамдар тұрғын жері бойынша ішкі істер органына келіп, сәйкесінше өтініш жазуы керек. Бұл жағдайда олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, тіпті, сыйақы да алады. Ақшалай сыйлық қаруға қылмыстық сараптама жасалып, оның техникалық жағдайы анықталғаннан кейін тағайындалады, - дейді ІІД ӘПБ-нің қару айналымын лицензиялау және бақылау тобының аға инспекторы Талғат ӨСИЕВ. – Биыл сыйақы көлемі мынадай: автомат үшін – 185 200 теңгеге дейін; тапанша – 74 080 теңгеге дейін; тегіс оқпанды қару55 560 теңгеге дейін; травматикалық тапанша 18 520 теңгеге дейін; граната, мина, жарылғыш құрылғылар мен артиллериялық оқ12 964 теңгеге дейін; жарылғыш заттар (1000 грамм) – 11 112 теңгеге дейін; иір ойықты қару оқ-дәрілердің әр данасы үшін – 16-дан 52 теңгеге дейін.

Өткен жылы осындай акция кезінде облыс тұрғындары 275 дана қару, 9 мыңнан астам оқ-дәрі, 1 граната тапсырыпты. Барлығы жалпы сомасы 10 млн теңгеге жуық сыйақы алды.

- Өткен жылы қала тұрғындарының бірі атасынан қалған маузерді тапсырды. Малшылар тіркелмеген ескі қаруларды көп тапсырады. Көпшілігі сыйақыны алып, үстіне ақша қосып, жаңасын алады және оны заңды түрде тіркетеді, - Т. Өсиев. – Антиквариаттық үлгіден басқа (1899 жылға дейін шыққандар) барлық тапсырылған қарулар жойылады. Егер сараптама қарудың тарихи-мәдени құндылығы бар деп белгілесе, ол музейге тапсырылады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

8 сәуір 2014, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.