Атырау, 24 қараша 07:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Донецк облысы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялады

1 796 просмотра

Санкцияға себеп солған Украинадағы жағдай ушығып жатыр. Қырымның артынан Донецк облысы өзін дербес мемлекет деп жариялады деп хабарлады КТК арнасы.

Облыстық әкімшілік ғимаратын басып алған бүлікшілер егемендік декларациясы үшін дауыс беріп, осы құжат Донецк халықтық республикасының құрылуына негіз болады деп хабарлады.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы өзге қалаларда да мыңдаған адамды жинаған ресейшіл топтардың наразылығы жалғасуда. Олар да Ресей құрамына ену жайлы референдум өткізуді талап етіп жатыр.

Шеру соңы жаппай бейберекетсіздікке ұласуда.

Мәселен Луганскде бүлікшілер Украинаның қауіпсіздік қызметі ғимаратын талқандаған.

Ал Харьковте ресейшіл топтар билік жақтастарымен қақтығысты. Алаңға жиналған мыңдаған адам милициямен қосылып, майданшыларды тізерлеп жүргізіп мазақ еткен.

Елдің шығысында жағдай ушыққан соң президент міндетін уақытша атқарып жүрген Александр Турчинов Литваға сапарын кейінге қалдырып, күш құрылымдары басшыларымен шұғыл жиналыс өткізді.

Бүлік бастағандар бұдан- былай лаңкес деп танылып, күш қолданылмақ.

Дереккөз: NUR.KZ

8 сәуір 2014, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.