Жалпы әуетасымалдаушы 3800-ге жуық рейсті тоқтатты, бұл өз кезегінде 420 мыңға тарта жолаушының сапарын бөгейді. Жоспарлы ереуілдің үш күнінде 500 ғана рейс жүзеге асырылмақ.
Атап айтқанда, неміс әуежайларында персоналдың ереуілі салдарынан «Lufthansa» 600 рейсті тоқтатуға мәжбүр болғандарын, мұндай шараға ұшқыштар да дайындалып жатқандығын жариялады.
Олар жалақыны көтеру мен зейнеткерлік жасына жақындаған ұшқыштардың жұмыс жағдайын жақсарту жайын талап етуде, деп жазады ВВС.
Дереккөз: ҚазАқпарат