Ресей Федерациясының Жоғарғы соты КСРО-ны конституциялық емес тарату жөніндегі іс бойынша аппеляциялық шағымды қарауды 2014 жылдың 8 сәуіріне белгіледі.
Шағым авторы Тольятти қаласының тұрғыны Дмитрий Третьяков. 2013 жылы ол РФ үкіметіне Кеңес Одағын конституциялық емес тарату туралы талап-арыз берген болатын. Конституциялық сот оның талап-арызын 2013 жылдың 10 желтоқсанында қарап, Третьяковтың талап-арызы бойынша істің өндірісін «соттың құзыретіне жатпайды» деген жауаппен аяқтаған болатын.
Конституциялық соттың істі қараудан бас тартуынан соң талап-арыз РФ-тің Жоғарғы сотына жолданды. Онда арыз 10 қаңтарда қаралды. Алайда бұл жолы да сот РФ АІжК-нің 134-бабының 1-бөліміне («Таласқа түскен актілер арызданушының құқығы мен еркіндігіне немесе заңдық мүддесіне қайшы келмейді») сілтеп, талап-арызды қабылдаудан бас тартты. Третьяковты бұл да тоқтатқан жоқ, ол 2014 жылдың 27 қаңтарында РФ-тің Жоғарғы сотына аппеляциялық шағым берді. Шағымды қарау 2014 жылдың 8 сәуіріне белгіленді.
Өзінің РФ үкіметіне қойған талап-арызында белсенді КСРО-ны қалпына келтіру мәселесі бойынша референдум өткізуді талап етеді. Сонымен қатар Третьяков мұны жалғыз ресейлік атқарушы билігінен ғана емес, бұрынғы одақтық республикалар басшыларынан да талап етіп отыр.
Өзінің арызында автор республикалардың КСРО құрамынан шығуы республикалық референдумға сәйкес қабылданатын кеңес заңын қайта қарауды ұсынады. Ол украиналық референдум кеңес заңының өрескел бұзылуымен жүргізілгенін, қалған республикаларда КСРО құрамынан шығу туралы референдумдар жүргізілмегенін айтады.
Оған қоса, Третьяков 1991 жылдың 17 наурызындағы КСРО-ны сақтап қалу туралы референдум заңды деп танылған, ал соған сәйкесті Ресей, Белоруссия және Украина басшылары Беловеж келісіміне қол қою арқылы оны әдейі елемеді, осылайша кеңес заңын бұзды деп отыр.
Ресей Федерациясы өзін КСРО-ның құқықтық мұрагері етіп жариялағаннан кейін Третьяков РФ-тың Конституциялық соты осы талап-арызды қарауға құзыретті орган деп есептеген болуы керек.
Дереккөз: suverenitet.org