Атырау, 24 қараша 07:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиев 25 жылға сотталды

2 715 просмотра
Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиев британдық бизнесмен Шон Дэйлидің өміріне қастандық ұйымдастырғаны үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұндай сырттай үкімді Бішкектің Бірінші май аудандық соты шығарды, деп хабарлайды «24.kg».

Британдықтың өміріне қастандық жасау ісі бойынша бұрынғы президенттің үш туысқаны да сотталды. Қырғызстанның Мемлекеттік қорғау қызметін басқарған інісі Жәнібек Бәкиев, сондай-ақ Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшылық еткен ұлы Максим өмір бойына бас бостандықтарынан айырылса, бірінші некеден туған екінші ұлы Марат 20 жылға сотталды.

Естеріңізге салып өтсек, 2006 жылдың 7 шілдесінде бизнесмен Шон Дэйлидің өміріне қастандық жасалған болатын. Ол алтын кенін өңдеуге лицензиясы бар Oxus Gold компаниясының мүддесін көздеген. Алайда денесіне бірнеше рет оқ тиген британдық аман қалып, кейінірек Қырғызстаннан көшіп кетті.

Дереккөз: bnews.kz

 

5 сәуір 2014, 20:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.