Атырау, 30 қыркүйек 12:23
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Алтын тартым» деген осы!

1 906 просмотра

Ғилыман СӘРСЕМАЛИЕВ.Ғилыман СӘРСЕМАЛИЕВ.«Золотенок» ау тартымы өсіріп-өндіру үшін бекіре тұқымдастарын аулаумен айналысатын «Амангелді» өндірістік кооперативі балықшылары үшін шынымен алтын тартым болды. Соңғы бірнеше күнде олар осы жерден 150 келі тартатын аналық қортпа, 33 келілік аналық бекіре және 140 келі салмағы бар аталық қортпа ұстады.

Ауға түскен барлық олжа Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына жіберілді. Балықшылардың 31 наурызда 150 келі тартатын үлкен аналық қортпа ұстағаны жөнінде біз хабарлаған болатынбыз Үлкен Бекіре күні-2»). Ал екі күннен кейін балықшылар 140 келілік аталық қортпа ұстады. Балық өсірушілер бұдан алға қарай уылдырықты ұрықтандыру үшін аталық сүт алмақ. Айта кетсек, мамандардың айтуынша, жыл өткен сайын тек уылдырықты балықты ұстау ғана емес, осындай «әкелерді» табу қиындық тудыруда. Мәселен, өткен жылы осы мақсатта іріктеліп алынған алты балықтың тек біреуінен ғана ұрық алынған.

Балық өсірушілерді 33 келі салмағы бар аналық бекіре де қуантты, осы балық тұқымы үшін бұл әжептәуір салмақ.

- Қазір зауытымызда екі аталық қортпа өз уақыттарын күтіп жатыр. Біреуі күзде ұсталған, ол бізде қыстап шықты, екіншісін балықшылар бір-екі күн бұрын әкелді, - дейді Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының директоры Ғилыман СӘРСЕМАЛИЕВ. – Яғни, бізде аталық бекірелер жеткілікті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 сәуір 2014, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.