Facebook-те бұрынғы премьер қызметтен босату туралы өтінішін ақпан айында беріп қойғанын, бірақ «бірқатар маңызды экономикалық оқиғаларға» байланысты ол кезде отставка туралы шешім қабылданбағанын хабарлап үлгерді. Эдуард Шармазанов Кеден одағына қосылу бойынша мәселе туындағанын атап өтті, осыған байланысты президент Серж Саргсян премьерден бір айға қызметінде қала тұруын сұраған.
Саргсян Арменияда басталған зейнетақы реформасына байланысты үкіметті отставкаға жіберуге мәжбүр болған деседі білетіндер. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада міндетті зейнетақы жинақтау жүйесі енгізілді. Жаңашылдық 1974 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған барлық азаматтарға қатысты болып отыр. Заңға сәйкес, еңбек ететін азамат жалақысының 5%-ын өзінің жинақтау есепшотына, тағы бес 5%-ын (бірақ ең жоғары шегі 60 доллар) мемлекетке аударып отырады.
Міндетті зейнетақы жинақтау жүйесін енгізу елде наразылық толқынын туғызды. Акцияға қатысушылар бұл ақшаны зейнетке шыққанда кері қайтарып алатынына сенімсіз болғандықтан, жалақысының 5%-ын үкіметке сеніп тапсырғысы келмейтінін мәлімдеді.
«Премьер-министрдің отставкасы елдің Кеден одағына қосылуымен байланысты емес, өйткені бұл саяси шешім болып табылады және біз Армения уақыты келгенде Кеден одағына кіреді деп есептейміз», - деп мәлімдеді Эдуард Шармазанов.
Айта кетейік, Тигран Саркисян Арменияның премьер-министрі қызметіне 2009 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын.
Дереккөз: bnews.kz