Атырау, 30 қыркүйек 12:30
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Чилиде тағы да қуатты жер сілкінісі болды

7 269 просмотра

Чилидің Тынық мұхиты жағалауында осымен үшінші қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Росбалт.

«АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулерінің ошағы Чилидің Икике қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Қирандылар мен қаза тапқандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ, цунами қаупі туралы да хабарланбады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салып өтсек, сәрсенбіге қараған түні Чилидің солтүстігінде магнитудасы 8,2 жер сілкінісі болды. Алты адам қаза тауып, көрші орналасқан Перуде кем дегенде тоғыз адам жарақат алды. Икике ауданындағы жағалауда биіктігі 2,11 метр цунами тіркелді. Жер сілкінісі мен цунамиге байланысты 1 млн адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Дереккөз: bnews.kz

 

3 сәуір 2014, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.