«Бұл олардың ажырасқанын білдіреді», - деді сайттағы өзгерістерге байланысты түсініктеме берген мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Ресейлік БАҚ өзгерістердің енгізілуін 1 сәуір күні жарияланатын мемлекеттің жоғары шенді тұлғалары мен олардың отбасы мүшелерінің табыстары жайлы декларацияға байланысты деп болжаған.
2013 жылдың маусымында Ресейде «отбасы жылы» деп жарияланып, Владимир мен Людмила Путиндер өздерінің ажырасатыны жайлы мәлімдеді.
30 жыл бойғы отбасылық өмірден кейін ерлі-зайыптылар ажырасатыны жайлы Кремльдегі балет спектаклінен кейін хабарлаған.
«Біз ешқашан бір-бірімізді көрмейміз деуге болады, сол себепті біздің некеміз екіге бөлінбек. Владимир Владимирович толықтай жұмысқа берілген, біздің балаларымыз өсті, олардың әрқайсысының өз өмірлері бар. Мен көпшілік алдына шыққанды жақтырмаймын, ал үнемі сапарда жүру мен үшін қиын», - деді сол кезде бұл шешімге байланысты Людмила Путина.
Дереккөз: inform.kz