№2 қалалық емханада қызылша ауруын алдын алу және емдеу шараларына арналған семинар өтті.
Қызылша - ауа-тамшы жолмен таралатын жұқпалы ауру. Биыл жыл басынан бері қарай Атырау облысында қызылша ауруымен жекеменшік клиникалардың бірінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін бір адам тіркеліп отыр. Соңғы он жылда облыста қызылша ауруының байқалу деңгейі біршама төмендеп отыр. Бұған бірінші кезекте жүйелі түрде жүргізіліп отырған вакцинациялаудың арқасында қол жеткізіліп отыр.
-Вакцина сертификатталған, ол тиімді әрі қауіпсіз, -дейді санитар дәрігерлері. - Вакцинация екі рет - 12-15 айлық кезінде, кейін 6жаста салынады.
Алайда, кейбір ата-аналар балаларына екпе салдыруға қарсы, демек инфекцияның бұрқ ету қаупі жоқ деуге болмайды. Көршілес Астрахан облысында биыл бірінші тоқсанның ішінде қызылшамен ауырған 183 адам тіркелді, олардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар екен.
Айнұр САПАРОВА