Атырау, 22 қараша 15:07
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Бұл - бастамасы ғана

2 290 просмотра

Өзінің алғашқы мерейтойына«Фантазия» балалар вокалдық студиясы «10 лет! И это тольконачало!» аттыжаңа бағдарламасын әзірледі.

10 жыл – тамаша уақыт, баланың жасы деуге болады. Алайда осы уақыт ішінде Любовь ИВАНОВА жетекшілік еткен вокалдық студия керемет жетістіктерге қол жеткізді. Ең бастысы – «Фантазияның» өнері көрерменге жағымды қуат беріп, музыкаға деген махаббатқа бөлейді. Концерттен кейін көпшілігі өздерінің ән айтқысы келетінін ұғынады. Любовь Владимировна әр баланы тыңдауға дайын. Әрқайсысына жеке-жеке мән беріп, алты жасар балақай да, қыздар немесе жасөспірімдер де өз таланттарын көрсете алатындай қажетті әнді таңдайды. Ұжымның ең кішісі - 5 жасар Яна КИМ, ең үлкені – 22  жастағы Эра НИ.

Бүгінде студия құрамында үш жас санатындағы 30 шақты орындаушы бар. Әр топтың өз орындауындағы әндер жиналған. Ең кішкентай топ - Яна КИМ, Әсем УАЛИХАНОВА, Аймира МАРАТ және Мәдина ЖҮНІСОВА. Кейбірі балабақшаға баратын осы бүлдіршіндер басқалармен қатар концертке жауапкершілікпен әзірленген. Бағдарлама басында олардың өздері жеке өнер көрсетті. Содан кейін үлкендермен бірге «Песенка сладкоежки» әні мен соңғы «Песня года» және «День рождения» шығармаларын орындады. Үлкен топ құрамы атыраулық әнсүйер қауымға жақсы таныс. Олар - Аружан АҚШАБАЕВА, Алина СУЕШЕВА, Эра Ни, апалы-сіңлілі Ғайния менДина АСУАТ, сондай-ақ, Татьяна КАБАНКИНА. Орта топтың мүшелері олардан көп: Дильай КОДЖА, Александра КАРАБАСОВА, Дильназ РУСЛАНОВА, Әмір АЙТҚАЛИЕВ, Арсен ҚАЙРАТОВ, екі Ангелина ТОЛСТОВАЛАР, Санат АСУАТ, Алуа ӨТЕБАЕВА, София АЙДЫНОВА, София САЙТАМИНОВА, Айнұр ҚУАНЫШЕВА, Аружан ҚУАНҒАЛИЕВА, Людмила ЛАЗАРЕВА, Гауһартас САГИТОВА, Іңкәр ЖОЛМАҒАМБЕТОВА, Камилла СЫРЫМОВА. Любовь Иванова балалар өздеріне арналған отбасы туралы, туған өлке туралы, өз достары мен ертегілер кейіпкерлері туралы, жандарына жақын әрі түсінікті әндерді орындауы тиіс деп есептейді. Сондықтан репертуар мұқият таңдалып, іріктелген. Көрермендер студия орындаушыларының орындауындағы «Бременские музыканты», «Куда уходит детство», «Қазақ елі осындай» деген әндерді және басқа да керемет хиттарды әрдайым жылы қабылдайды. Бұл ұжым қаладағы бүкіл шаралар мен мекемелерге үнемі қатысып тұрады. Қалалық әкімдік те мерекелік концерт ұйымдастыруда студияға қолдау білдірген.

Любовь Иванова өз шәкірттеріне достарымен қуаныштарымен бөлісіп қана қоймай, бөгденің қайғысына ортақтасуды да үйреткен. Олар қайырымдылық шараларына ықыласпен қатысып тұрады, өздері де ауыр сырқатқа шалдыққан кішкентай Әділхан үшін концерт ұйымдастырған.

Сүйікті педагогтары мен студияны мерейтоймен құттықтау үшін өткен жылдардың түлектері Айнұр МАХУТОВА, Нұрберген СҮЙІНҒАЛИЕВ, Александра ЦХАЙ, Милена ЛЯН, Карина ИВАНОВА, Евгений МАМЫКИН, Ажар АБАЕВА, Жұмажан ЖЕДІБАЕВА келіпті. Женя мен Карина өз өмірлерін өнермен байланыстырып, ән айтуды жалғастырып келеді. Айта кетелік, олар концерт жүргізушілері ретіндегі рөлдерін тамаша атқарып шықты. Барлық түлектердің атынан Евгений бүлдіршіндерге тарту ретінде скрипка кілтін табыс етті. Олардың батыл ән шырқауына қарағанда, бұл сыйлық сенімді қолда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.