Атырау, 22 қараша 14:58
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Жылжымалы көрме - Атырауда

3 751 просмотра

«Ақ желкен» шығармашылық орталығында «Art Sapar» аттыжылжымалы көрме ашылды.

Бұған дейін мұндай көрме Павлодар, Семей және Ақтөбе қалаларында өткізіліп келді. Көрмені ұйымдастырушы Анар ӘУБӘКІРДІҢ (суретте) айтуынша, бұл - Қазақстандағы тұңғыш жылжымалы арт жоба.

- Art Sapar мақсаты - көрермендерді ұлттық құндылықтар мен қазақы көріністерді бейнелеген туындылармен таныстыру, - дейді А.Әубәкір. Көрме барысында ол «Қазақы оюдың құпиялары» атты шеберлік сабақтарын өткізді.   

А.Әубәкірдің туындыларынан бөлек мұнда 13 қатысушының жұмыстары қойылған. Олардың бәрі де - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының түлектері. Көрмеге тек картиналар емес, кескіндеме, мүсін, сызба туындыларымен қатар қазақтың дәстүрлі қолөнер кәсібіне жатқызылатын текемет, бізкесте, тақыр кілем, ши және тағы басқа да қолдан жасалған әсем дүниелер ілінген. Әрбір туынды өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген. Бір-бірін қайталамайды, ұлттық өнерге деген жаңа көзқарас байқалады.

Көрме сәуірдің 18-іне дейін созылады.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.