Сіріңке балалардың ойыншығы емес деп кім айтты? Ойыншық болғанда қандай!
№16 мектептің 13 жастағы оқушысы Анатолий КРУТОВЦОВ (суретте) бастауыш сыныпта жүргенде-ақ сіріңкеден әр түрлі бұйымдар жасаумен айналысатын. Енді ол бұл істің нағыз шеберіне айналған. Қарапайым текшелер мен үйшіктерден ол күрделі кемелер мен ғимараттарға көшкен. Бір қызығы, ол өз бұйымдарына желімнің бір тамшысын да қолданбайды.
Суреттегідей бір кемеге оқушы жарты сағаттай уақытын жұмсайды. Ал оған 11 қораптай сіріңке кетеді.
- Оның атасы Белоруссияда икона жазушы болған, - дейді баланың анасы Вера САБИРОВА. – Біздің отбасымызда ешкімде мұндай шыдамдылық пен ыждағаттылық жоқ.
Ескі Гурьевтің кейбір үйлерінің нағыз көшірмесін жасап, оны өзінің жеке көрмесінде көрсету балақайдың жоспарында бар.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ