Атырау, 30 қыркүйек 12:26
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Сөзіңізге абай болыңыз

1 739 просмотра

«Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында БАҚ өкілдері үшін «Дін және дәстүр» тақырыбында семинар өтті.

Онда облыстық дін істері басқармасының басшысы Еркінбек ШОХАЕВ пен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теолог маманы Қанат ЖҰМАҒҰЛ ислам мәдениеті мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары жөнінде сөз қозғаса, облыстық прокуратураның аға прокуроры Мерген МЕҢДІҒАЛИЕВ жыл басынан бері ҚР ҚК-ніңтерроризмге қатысты баптары бойыншатөрт қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады: оның үшеуі бойынша терроризмді қаржыландырды, біреуі бойынша террористік топқа қатысты деген айыптар тағылып отыр.   

Семинар барысында тілшілер БАҚ-тарда (республикалық БАҚ-та жиі кездеседі) «исламдық терроризм» немесе «исламдық экстремизм» деген сөз тіркестерін қолданудан бас тарту туралы бастама көтерді. Себебі, төзімділікті ту еткен асыл дінге қатысты бұлай айту мүлдем жат әрі қателесушілік деп есептейді олар. Бұл ұсыныс көпшілік қатысушылардың қолдауына ие болды. 

Айнұр САПАРОВА

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.