Атырау, 30 қыркүйек 12:34
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

English кеңістігі

1 411 просмотра

«APEC Petrotechnic» өңіраралық кәсіби оқу орталығы Атырау мектептері мен колледж мұғалімдеріне семинар өткізді. Тақырыбы – «Ағылшын тілі - әлемдік білім кеңістігіне кіру тілі».

Алдымен қонақтар өздерінің оқу пәндері тек таңдаған оқыту тілінде ғана емес, орыс тілділер үшін ағылшын және қазақ тілдерінде, қазақ тілділерге, керісінше, орыс тілінде оқытылатын тәжірибелерімен бөлісті. Ағылшын тілін тереңдете оқытатын техникалық гимназияның мұғалімі Роза ДАУЛЕТИЯРОВАНЫҢ ағылшын тілін ерте оқыту туралы баяндамасы қызықты болды.

Өз кезегінде «APECPetrotechnic» оқытушылары мұғалімдерге ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістерімен таныстырды. Іс-тәжірибе көрсету кезінде қонақтар студенттермен бірге партаға отырып, сабаққа тікелей қатысты.

- Сабаққа екі бірдей оқытушы – канадалық және қазақстандық маман қатысатын оқу үдерісімен танысу өте қызықты болды. Оқушыларды үлгерімі бойынша бөліп оқытуда белгілі бір тиімділік бар деп ойлаймын,- дейді Р. Дәулетиярова.

Семинарға қатысушылардың барлығына сәйкесінше сертификаттар табыс етілді.

Тамара СУХОМЛИНОВА 

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.