1 сәуірден бастап қалалық №1 маршрутта («Дина» базары – Нұрсая ықшамауданы) жаңа 10 қытайлық «Донг Фенг» автобусы жұмыс жасайды.
- Нұрсая – тұрғын үй массивтері тез өсіп келе жатқан аудан, - дейді «Айс Транс Холдинг» ЖШС директоры Мақсот СҮЙІНОВ. - Тұрғындар қала орталығына ұзақ уақыт жетеміз, аз кісілік «Газельдерге» тығылысып мінуге мәжбүр боламыз деп көп шағымданды. Біз бұл маршрутқа көпкісілік «Хюндай» автобустарын пайдаланып едік, олар бұл жердегі тар көшелерге сыймады. Сонымен қатар, үлкен автобустарға «Дина» базарында тұру да ыңғайсыз екендігі анықталды. Сондықтан да біз 16 орындық он «Донг Фенг» автобусын алдық та, бірден №4 маршрутқа қойдық.
М. Сүйіновтың айтуынша, жақын арада тағы осындай төрт автобус келмек, олар да осы №4 маршрутқа қосылады. «Донг Фенг» салонды түсіретін бейнетіркегішпен жабдықталған. Сонымен қатар, тасымалдаушы автобустарға JPSспутниктік бақылау жүйесін орнатты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ