4 ақпанда «Атырау су арнасы» КМК «Эргономика» ЖШС-мен 2014 жылғы инвестициялық бағдарлама шеңберінде энергия үнемдейтін жабдықтарды жеткізу жөнінде келісімшарт жасады. Бұл туралы тұтынушылар алдындағы есепте «АСА» бастығы Андрей ТАШЛЫКОВ (суретте) хабарлады.
Теңге құнсыздануынан сәл бұрынырақ «АСА» 2014 жылы инвестициялық бағдарлама шеңберінде энергия үнемдейтін 191 сорғы, тұрғын үйлер үшін су есептейтін топтық аспаптардың көп бөлігін, көтергіш және кәріздік сорғы стансаларын сатып алды. Дер кезінде серіктестер келіскен соманы А.Ташлыков жария етпеді. Ал жоғарыда көрсетілген жабдықты сатып алуға «АСА»-ның 2014 жылы 1 млрд 784 млн теңге бөлуді жоспарлағандығы белгілі (олардың миллиард теңгесін қарыз ақшалар ретінде, қалғандарын – 2013 жылдың 1 желтоқсанынан бастап су тарифін көтеру есебінен тарту жоспарланған – М.С.). Яғни, монополист бір аптаға кешіккен жағдайда, энергия үнемдеу жобасы оған 357 млн теңгеге қымбатқа шығар еді.
Ташлыков энергия үнемдеуші шараларды енгізу есебінен үнемделген қаржының «Эргономикаға» қарыз беріп қана қоймай, жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
- Энергия үнемдеуші жабдықтарды енгізуден үнемдеу жылына 300 млн теңгені құрайды. Біз қызметкерлердің штаттық санын қысқартудан, су шығындарын азайтудан, алынған жабдықтар бойынша амортизациялық жарналардың өсуінен үнемдейтін боламыз, - деп мәлімдеді Ташлыков. Оның айтуынша, жаңа технологияны енгізу 40 өндірістік қызметкерді қысқартуға әкеледі екен.
2013 жылы «АСА» сумен қамту қызметінен 972 млн теңге және кәріз қызметі бойынша 354 млн теңге табыс тапқан. Бірінші учаскедегі үйлерді жылыту табыстары және мемлекеттік субсидиялармен бірге кәсіпорын табысы 1,6 млрд теңгені құрады.
Су құбыры желілеріндегі су шығындары 23,8 пайызды құрады. Бұл 2012 жылға қарағанда 1 пайызға аз.
Өткен жылы Балықшы ауданында сол жақ жағалаудағы магистральды су құбыры шығыршықталды. Химпоселке мен Балықшыдағы бес қалалық мектепте бұрын қысқы мерзімде қатып қалған су құбыры желілері ауыстырылды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен және ҰҚКД ұсынысы бойынша Атырау қаласында су тазарту құрылғыларының периметрі бойынша тікенді сым қоршаулар күшейтілді.
2013 жылғы инвестициялық бағдарламалар шеңберінде 122 млн теңгеге жұмыстар орындалды. Жалпы ұзындығы 3,2 шақырым су құбыры мен жалпы ұзындығы 0,6 шақырым кәріздік коллекторларға жөндеу жүргізілді, көппәтерлі үйлерде 13 көтеру сорғылары орнатылды, кәріздік сорғы агрегаттарындағы 50 электр қозғалтқыш жөнделді, «АтырауСуАрнасы» КМК-нің әкімшілік ғимараты салынды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ