Атырау, 30 қыркүйек 12:25
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Бекіре-2014»операциясы басталды

1 886 просмотра

Атырауда жұмыс сапарымен жүрген ҚР балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Қанат МҰСАПАРБЕКОВ 1 сәуір және 31 мамыр аралығында кең көлемді «Бекіре-2014» операциясын өткізуге байланысты брифинг өткізді.

Өткен ғасырдың аяғына дейін бекіре тұқымдас балықтар, негізінен, табиғи су қоймаларында өндірілді және бұлардың 90% Каспий теңізі бассейнінде ауланды. Соңғы онжылдықта қызыл балық қоры күрт азайып кетті. Осыған байланысты Қазақстан 2010 жылдан бастап табиғи ортадан бекіре аулауға толықтай тыйым салып, тек ғылыми аулауды ғана қалдырды. «Бекіре-2014» акциясының мақсаты балықтардың, соның ішінде, бекіре тұқымдастардың еш кедергісіз уылдырық шашуға баруын қамтамасыз ету болып табылады.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша акцияны төрт ведомство бірге жүргізеді: Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау, ішкі істер, көлік және коммуникация министрліктері, ҰҚК шекара қызметі. Балық шаруашылығы комитеті басшылық ететін Балық қорғау іс-шараларын жүргізу бойынша үйлестіру кеңесі құрылды. Мұсапарбеков «Бекіре-2014» акциясы аяқталғанға дейін Атырауда 15 күндік вахталық тәртіппен жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Ол жоқ кезде кеңес төрағасы орнына орынбасары Хайырбек МҰСАБАЕВ отырады.

Акция аясында браконьерлер балық аулайтын жерлерде 11 жылжымалы және 10 стационарлы полиция бекеті ұйымдастырылды, 94 мемлекеттік инспектор (сонымен қатар еліміздің өзге өңірлерінен іссапармен келгендер де бар) жұмысқа тартылып, 8 патрульдік катер, 14 моторлы қайық, 15 автокөлік, 6 брандвахт (инспекторлардың кезекшілік атқаратын және демалатын базалары) дайындалды. Тікұшақтар да қолданылатын болады.

«АЖ» тілшісі балық шаруашылығы басшыларына атыраулық әуесқой балықшылардың қала сыртында 15 сәуірге дейін балық аулауға рұқсат берген кеңес кезіндегі нормаларға қайта оралуды сұраған өтініштерін тапсырды. Мұсабаев бұған үкіметтің балық аулауға тыйым салу туралы қаулысын өзгерту үшін балық шаруашылығының ҒЗИ филиалы сәйкесінше ғылыми негіздеме жасауы қажет деген жауап берді Мұсабаевтан кейін сөз сөйлеген БШҒЗИ өкілі өз кезегінде ғылыми негіздеме дайындау үшін балық шаруашылығы комитетінің тапсырысы болуы керек деп мәлімдеді. Сөз болсын, Мұсабаевқа қыста Атырауға келіп, мұз үстінде қармақпен бірер сағат тұру керек. Сонда ғана Жайықта балықтың сәуірде жүретінін білетін шығар.

«Биыл балық аулау коопера-тивтерінің балық аулау лимитте-рін неге қысқартты?» (Жайықта 30%-ға, Қиғашта 40%-ға) деген сауалға Жайық-Каспий балық шаруашылығы инспек-циясының бастығы Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ «бұл ғылыми ұйымдардың ұсынысы бойынша жасалды» деген жауап қайырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 сәуір 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.